АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне жаңа басшы келеді
![]() |
Биылғы жылдың қыркүйек айында АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігіне жаңа басшы келетін болды. |
Бұл туралы бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ержан Қазыхановтың Ислам ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы аясында АҚШ-тың Ислам ынтымақтастық ұйымы жөніндегі арнайы өкілі Рашад Хусейнмен кездесуі барысында мәлім болды.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды сөз етті. Екі елдің өкілдері де мемлекеттер арасындағы байланыстың жақсы дамып келе жатқандығын атап өтті. Сондай-ақ олар жыл соңында Нюй-Иоркте БҰҰ-ның Бас асамблеясы өтетіндігін айтты. Е.Қазыханов сөзінде Қазақстанның Ислам Ынтымақтастық ұйымына төрағалығы барысында денсаулық сақтау, таза суға қолжетімділік, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері басты мәселе ретінде қарастырылатындығын атап көрсетті. Өз кезегінде АҚШ өкілі өз елдерінде бүгінде 7 миллионға жуық мұсылмандар бар екендігін жеткізді. Осыған қарай олар да мұсылмандардың АҚШ-тағы өмірлері барлық демократия талаптарына сай, еркін болуына күш салмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін