Ақсу қаласының бір тұрғынын кавказ овчаркасы жеп қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақсу қаласының бір тұрғынын кавказ овчаркасы жеп қойды

Ақсу қаласының бір тұрғынын кавказ овчаркасы жеп қойды

Павлодар облысы Ақсу қаласының 52 жастағы тұрғыны кавказ овчаркасына жем болып қаза тапты,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 26 Наурыз 2004
  • 587
Фото - Caravan.kz

Ақсулық бір кәсіпкердің үйі мен қосалқы шаруашылығын қорушы ит 25-ақпан күні түнде үй маңынан өтіп бара жатқан адамға тап қойған. Әлгі адам осы аудандағы өз үйіне қонақтан қайтқан көрінеді. Көшедегі шуылды естіген көршілес үйлердің тұрғындары бейбаққа көмекке ұмтылғанымен, шебеленген ит құрбанына ешкімді жолатпаған. Дегенмен, тұрғындардың күшімен иттің аузынан әрең дегенде ажыратып алынған әлгі адам Ақсу қалалық орталық ауруханасына жеткізілген.

Әйтсе де, басы, мойны, қолы және арқасынан жараланған зардап шегуші бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмды.
Ақсу қалалық прокуратурасынан хабарлағанындай, қайтыс болған адамның әйелі ит иесінен моральдық және материалдық шығынның орнын толықтырып беруді талап етіп, қалалық сотқа азаматтық шағым түсірген. Қазір Ақсулық полицейлер қаза тапқан адамның денесіне сараптама жасауда. Қылмыстық іс қозғау мәселесі осыдан кейін шешіледі.
Осы тектес оқиға Павлодарда да болды. 15-наурызда, қала орталығындағы жеке меншік үйді күзетуші кавказ овчаркасы сол тұстан өтіп бара жатқан әйелге дүрсе қоя берген. Қол-аяғынан ит тістеп алған жәбірленуші бірінші қалалық аурухананың жарақат бөліміне жеткізілді. Осы оқиғаға байланысты әйел полицияға арыз жазып, қалалық сотқа шағым түсірді.

Соңғы жаңалықтар