Ақтау әуежайы күндізгі рейстерді қабылдауды тоқтатады - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау әуежайы күндізгі рейстерді қабылдауды тоқтатады

Ақтау әуежайы күндізгі рейстерді қабылдауды тоқтатады

Ақтау халықаралық әуежайы ұшу-қону жолағындағы жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты әуе кемелерін күндізгі уақытта қабылдауды уақытша тоқтатады. 

  • 4 Қазан 2017
  • 166
Фото - Caravan.kz

Бұл жайлы Ақтау әуе айлағының директоры Ерғазы Жолдасов мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. Ақтау әуежайы директорының айтуынша, 4, 6, 11 және 13 қазан күндері сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін әуе айлағы кез келген бағыттағы әуе рейстерін қабылдамайды және жөнелтпейді.

Қазіргі уақытта аталған әуежай Қазақстан Республикасында тасымалдау көлемі бойынша Алматы және Астана әуежайларынан кейінгі үшінші орынға ие. Әуежай 8 ішкі және 16 халықаралық бағыттар бойынша қазақстандық және шетелдік компанияларға қызмет көрсетеді. Ақтаудан Мәскеу арқылы Ыстанбұл, Баку, Киев және басқа да әлемнің кез келген нүктесіне жетуге болады.