"Ақтау мұнайгаз" Ғылыми-зерттеу және жобалау институты мұнайға зерттеу жасауға мүмкіндік беретін ИСО 17025 халықаралық сапа сертификатын алады
2003-жылдың қараша айында "Ақтау мұнайгаз" Ғылыми-зерттеу және жобалау институты мұнайға зерттеу жасауға мүмкіндік беретін ИСО 17025 халықаралық сапа сертификатын алады. Бұл туралы бүгін, 16-қыркүйекте Еуропалық Комиссияның Қазақстандағы өкілі, "Қазақстандағы мұнай -газ өндіру және тасымалдау секторын қолдау" жөніндегі жобаның жетекшісі Жан-Луи Тырлэ хабарлады. |
Ж.Тырлэнің айтуынша, 2002-жылы Қазақстанда мұнайға талдау жасау жөніндегі пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін зертхана таңдауға бағытталған тендер өткізілді. Оған 7 компания қатысты. Соның нәтижесінде "Ақтау мұнайгаз" Ғылыми-зерттеу және жобалау институтының тәуелсіз зертханасы таңдап алынды.
Жоба жетекшісінің айтуынша, қазір пилоттық зартханада сапа жүйесі қолданысқа енгізіліп, озық технологиялық жабдықтар орнатылды.
Ж.Тырлэнің айтуынша, бұл - мұнайдың сапасын халықаралық стандартқа сәйкес бағалай алатын Қазақстандағы алғашқы зертхана болмақ.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін