Осылай деп байбалам салған жігіт өз үйінің алдында таяқ жеп қалды. Оның соңына түскен полицейлер көлігімен ауласына дейін кіріп барған. Ашуға мінген майордың, тіпті, ышқыры ашылып, жұдырықтап жатыр. Олар жол ережесін бұзған жүргізушіні осылайша жазалаған. Кейіннен анықталғанындай, көлік иесі жылдамдықты тым асырып, полицейлер тоқтатпақ болғанда үйіне қарай тұра қашқан екен. Осындай қулықпен құтылуды көздеген жүргізуші енді қомақты мөлшерде айыппұл төлейтін болды.