Оның айтуынша жаңа сервистік причалға арнап теңіз айлағының арнаулы экономикалық аймағына қамтылатын аумақтан 40 гектар жер бөлінген. «Keppel Kazakhstan» компаниясы бұл жерді 49 жылға жалға алды. 2-3 жыл ішінде причал салуға 20 млн. доллар бөлінеді. Қазіргі таңда причал аумағына қоршау орнату жұмыстары атқарылуда.
Ч.Яп компанияның причал салуға 6 ай ішінде кірісетініне сенім білдіреді. Оның айтуынша, қажетті жағдайда теңіз түбін тереңдету жұмыстары да жүзеге асырылуы мүмкін. Сондай-ақ, причал құрылысын салу жұмыстарына жергілікті жұмысшыларды тартып, оларды алдын-ала оқыту жоспарланған. Алдағы уақытта «Keppel Kazakhstan» ЖШС-нің президентін Маңғыстау облысынан тағайындау, құрылысқа жергілікті субмердігерлерді де жұмылдыру жоспарда бар.
Қазақстан мен Сингапур бірлескен «Keppel Kazakhstan» компаниясы арнаулы экономикалық аймақ аумағында металл конструкциялар өндіретін зауыт салып жатыр.