Ақтау тұрғыны 11 жастағы баласын көршісінің аяусыз ұрып-соққанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтау тұрғыны 11 жастағы баласын көршісінің аяусыз ұрып-соққанын айтты

Ақтау тұрғыны 11 жастағы баласын көршісінің аяусыз ұрып-соққанын айтты

Ақтау тұрғыны Әсия Устенко 11 жастағы баласын көршісінің ұрып-соққанын айтады.

  • 5 Қыркүйек 2018
  • 69
Фото - Caravan.kz

Аулада ойнап жүрген балалар лимонод сусынына бола сөзге келіп қалған екен деп жазадыЛада.кз.

Бұл оқиға 1 қыркүйекте «Дукат» тұрғынүй кешенінде болған. Әсияның айтуынша, ұлы Данил мен көршісінің баласы лимонад сусыны үшін төбелесіп қалғыпты. Сол арада көршісі өз ұлын жақтап, Данилді ұрып тастаған. Бұл сәт сондағы бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Әсия видеоны полицияға апарып, көршісінің үстінен арыз жазған.

«Көршімнің ұлы Данилді тепкен. Менің ұлым да қарап тұрмапты. Мұны көрген әйел бірден балама бас салған. Оны басынан шұқып, бетінен шапалақпен ұрған. Аулада ары-бері сүйреген. Үш күн бұрын ғана ұлымның басындағы жарақатын тіккен болатын. Жарасы әлі жазылып үлгермеген. Әйелді аулада ойнап жүргендер тоқтатуға тырысқанымен, ол оған қарамаған», – дейді Әсия.

Әсияның айтуынша, сол уақытта күйеуі екеуі емханаға кетіпті. Кешке үйге келгенде Данил көрші әйелдің өзін ұрғанын айтып берген.


«Бұл жағдайды естіген соң бірден ауладағы бейнебақылауды тексерттім. Сөйтсем, рас болып шықты. Ұлым әйел оны өлтіретін шығар деп қорыққан. Содан көршіммен сөйлеспекші болдым. Сөйтсем, кешірім сұраудың орнына ол ұлым екеумізге дәрігерге барып қаралыңдар деп айтты. Ұлымды ұрғанына өкінген жоқ, керісінше өзімізге айғайлады», – дейді Ақтау тұрғыны.

Бұл оқиғадан кейін Әсия Ақтау қалалық ІІБ-ның бөлімшесіне көршісінің үстінен арыз түсірген. Әйелге «ұсақ бұзақылық» деген айып тағылыпты. Алайда Әсия құқық қорғау органдағылардың көршісіне салған айыппұлмен келіспейтінін жеткізді.

 

Соңғы жаңалықтар