Ақтауда 102 жастағы кейуана әйелдер мерекесін атап өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда 102 жастағы кейуана әйелдер мерекесін атап өтті

Ақтауда 102 жастағы кейуана әйелдер мерекесін атап өтті

8 наурыз қарсаңында 1 қаңтар күні 102 жасқа толған тыл ардагері Рауыш Иманбаева да мерекені атап өтті. Оны 4 баласы, 40 немересі, 28 шөбересі және 10 шөпшегі құттықтаған.

  • 8 Наурыз 2017
  • 1612
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ұлы Отан соғысындағы жеңісті көргенім үшін Аллаға және тағдырыма алғыс айтамын. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Мен немерелерімді, шөберелерімді, шөпшектерімді бағып-қақтым, қазір мейірім-махаббатқа бөленіп өмір сүрудемін. Қазірге дейін отбасыма пайдам тиюде.  Қазір немеремнің үйінде тұрып жатырмын, барлығы жұмыс істейді, ал мен шөберемді өсірудемін», — дейді Рауыш апай.

Ақтауда 102 жастағы тыл ардагері Рауыш Иманбаева мерекені атап өтті

Ол 1915 жылы 1 қаңтар күні Атырау облысы, Теңіз ауданы, Ботақан ауылында Қабу мен Ұмсынайдың отбасында дүниеге келген.

Ақтауда 102 жастағы тыл ардагері Рауыш Иманбаева мерекені атап өтті

Отбасында төртінші болып өмірге келген. Бар-жоғы 3 сыныптық білім алған. 20 жасында Шияпқа тұрмысқа шығады. Барлығы 7 құрсақ көтереді. Соғыс басталғанда жолдасына бронь береді, ол қайықтағы балықшылардың бригадирі ретінде жұмыс жасап, майданды азықпен қамтамасыз еткен.

Ақтауда 102 жастағы тыл ардагері Рауыш Иманбаева мерекені атап өтті

Рауыштың өзі балаларына қарап, күндіз жолдасына көмектесіп барлығына үлгерген. Ал түнде ауылдағы барлық әйелдер секілді майдандағылар үшін шұлық, қолғап және мойынорауыштар тоқыған. Соғыс кезінде Рауыш апа жайлы «Қызыл жұлдыз» газетінде мақала жарияланған. Оның көшірмесі Алматы қаласындағы мұрағатта сақталған.

Ол жолдасымен 34 жыл отасып, 1969 жылы ұзаққа созылған ауыр науқастан отағасы көз жұмады. Қазір оның 7 баласының төртеуі тірі. Оның ортаншы ұлы МАИ-да қызмет жасап, 45 жасында зейнетке шықты.


Ақтауда 102 жастағы тыл ардагері Рауыш Иманбаева мерекені атап өтті

2002 жылы тыл ардагері Ақтау қаласындағы немересіне көшіп келеді. Рауыш апа денсаулығына күтіммен қарап, азық-түлік сатып аларда мұқият қарап алады екен. Сондықтан оның денсаулығы сыр бере қоймаған. 

Ақтауда 102 жастағы тыл ардагері Рауыш Иманбаева мерекені атап өтті

«Мен балық және сүт өнімдерін, әсіресе шұбатты жақсы көремін. Бұл — өте пайдалы. Біз соғыс жылдары балықты аумен ауладық. Аштық кезінде балықтан басқа тіске басар ештеңе болмады. Бірақ, мен балықты қазірге дейін жақсы көремін. Жастарға мықты денсаулық пен әйел бақытын тілеймін. Барлық әйелдер қауымын мерекемен құттықтаймын! Барды бағалаңыздар, сүйіңіздер, жаныңыздағы адамдарды қадірлеңіздер. Бірақ адамдар бұл шындықты кеш түсініп жатады», — деп тілек айтты Р.Иманбаева. 

Ақтауда 102 жастағы тыл ардагері Рауыш Иманбаева мерекені атап өтті

Соңғы жаңалықтар