Ақтауда әйел тергеу изоляторына телефон мен SIM-картаны жыныс мүшесіне жасырып өтпек болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда әйел тергеу изоляторына телефон мен SIM-картаны жыныс мүшесіне жасырып өтпек болған

Ақтауда әйел тергеу изоляторына телефон мен SIM-картаны жыныс мүшесіне жасырып өтпек болған

Ақтауда қоғамдық қорғаушы тергеу изоляторына телефон мен SIM-карта алып кірмек болды.

  • 25 Мамыр 2023
  • 431
Фото - Caravan.kz

Қорғаушы әйел оны жыныс мүшесіне жасырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Polisia.kz

Мәлліметтер бойынша0 ол тергеу изоляторында жатқан күйеуімен кездеспекші болыпты. Бірақ рентген құрылғымен тексеру кезінде оның денесінде бөгде заттың бары анықталады. Кейін әйелді зерттеу бөлмесіне жіберген.

Бірақ зерттеу бөлмесінде тексерушілер әйел денесінен ештеңе таба алмайды. Артынша бейнебақылау камерасын тексерген кезде қоғамдық қорғаушының оқыс әрекеті байқалған.

Яғни ол тексерушілер кіргенше телефон мен SIM-картаны интимдік жеріне тыққаны анықталып отыр.


Қоғамдық қорғаушыға қатысты әкімшілік кодекстің 481-бабы (қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде, арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттарды, бұйымдар мен заттарды беру) бойынша хаттамасы толтырылды. Әрі іс материалдары Ақтау қаласының әкімшілік мамандандырылған сотына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар