Бұрын хабарлағанымыздай, оқыс оқиға қозғалысы көп орталық жолдардың бірінде болды. Бұрылыстан өте бергенде көліктің артқы есігі ашылып кетіп, бүлдіршін жерге «топ» ете түскен. Бірнеше рет аунаған ол тіпті келесі машинаның астына түсуге сәл қалған еді. Бұл кезде көлік тізгінінде құлаған қыздың әкесі отырыпты. 2 жастағы сәбидің тек беті ғана жараланған екен. Алғашқы көмек көрсетілген соң, дәрігерлер оны үйге жіберген. Болған оқиғаны полицейлер жол апаты ретінде тіркеп, баланы арнайы қондырғысыз мінгізген әкеге 10 мың теңге айыппұл салды.