Ақтауда балконнан лақтырылған теледидар баланың басына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда балконнан лақтырылған теледидар баланың басына түсті

Ақтауда балконнан лақтырылған теледидар баланың басына түсті

Еріншектіктің кесірінен бала құрбан бола жаздады. Ақтауда көпқабатты үйдің тұрғыны балконнан далаға лақтырған ескі теледидар төрт жасар баланың басына түскен. Қатты соққыдан бас, ми жарақатын алған бүлдіршін қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр.

  • 26 Тамыз 2014
  • 455
Фото - Caravan.kz

Ақтаулық дәрігерлер үш күннен бері Исламды құтқарып қалу үшін барын салуда. Ауыр халде жедел жәрдеммен жеткізілген баланың басына ота жасалған. Қазір 4 жастағы Ислам комада жатыр. Әлі есін жиған жоқ. Полицейлер сәбидің өміріне қауіп төндірген адамды іздестіруде. Теледидарды терезеден лақтыра салған ол далаға шығуға ерінсе керек. Ал дәрігерлер Исламның тірі қалуын ғажап құбылыс деп отыр.

Бауыржан Мұсаханов, Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының дәрігері:

–Бала травматикалық шокта болды. Оны бірден жасанды дем беретін аппаратқа салдық. Нейрохирург қарап, операция жасадық. Ота сәтті өтті. Қазір бала әлі де аппаратта жатыр. Болашағы біздіңше жақсы болады деп есептейміз.