Жарылысты қаскүнемдердің өздері ұялы телефондарына түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Полиция қызметкерлері бұзақыларды сол видео арқылы тауып алды. Алдымен, түрі анық көрінген жасөспірім құрықталған. Қасында болған тағы 3 жігіттің кім екенін өзі тауып берді. Қолға түскендердің 4-еуі де 16-17 жастағы колледж студенті мен мектеп оқушылары. Енді олар 10 күнге дейін абақтыға жабылуы мүмкін.