Ақтауда блогер жасырған сағатты тапқысы келген қалың жұрт жағажайға ағылды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда блогер жасырған сағатты тапқысы келген қалың жұрт жағажайға ағылды (ВИДЕО)

Ақтауда блогер жасырған сағатты тапқысы келген қалың жұрт жағажайға ағылды (ВИДЕО)

Қазақстандық блогер Нұрдәулет ("Қарапайым қазақ") әлеуметтік желілерде Ақтау жағалауында сағат жасырғанын айтты. Осылайша ол желідегі жазылушылары арасында конкурс ұйымдастыруды қалаған.

  • 5 Наурыз 2021
  • 1298
Фото - Caravan.kz

Нәтижесінде ақтаулықтар жаппай сағатты іздеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Блогер конкурс туралы ақпаратты Instagram парақшасында жариялады. Сторизде әйгілі брендтің сағатын жасырған жерді көрсетті.

Ол сыйлықты Ақтау қаласының 15-ші шағын ауданындағы жағалауда қалдырған.

Біраз уақыттан кейін сағатты іздеуге жергілікті тұрғындар жинала бастады. Жастар сағаттарды табуға тырысып, жағалауды тексерді.


Адамдар көп жиналғаны үшін блогерге жауапкершілік қауіпі төніп тұр ма, жоқ па әлі белгісіз.

Айта кетейік, Нұрдаулетке Instagram-да 2 миллионнан астам адам жазылған.