Таспадағы әрекетке қарағанда, өзін Ресей азаматымын деп таныстырған мына адам газ тиелеген көлікті шекарадан асырмақ болыпты. Айтуынша, көгілдір отынды оған Ақтаудағы жеке бекет иелерінің бірі сатып келіпті. Әзірге өңірден осындай әдіспен қанша тоннаның көрші елге шығарылғаны белгісіз. Полиция сондай-ақ, жергілікті кәсіпкерлер мен шетелдіктер атынан келісім жасап келген делдал келіншекті де қолға түсірген. Қазір тергеушілер қылмыстық топтың өзге мүшелерін де тексеріп жатыр. Болжамдарға қарағанда, дәл осы жасырын сауда кесірінен өңірде газ тапшылығы орнаған.
Амангелді Досаханов, Маңғыстау облыстық ІІД бастығының орынбасары:
