Жарияланды: 290

Ақтауда ірі жоба құрылысы жайына қалуы мүмкін

Құрдымға кеткелі тұрған Каспий Энергетикалық хабының тағдыры енді Астанада шешілетін болды. Оны салушы компанияның өкілдері бүгін кезекті сотта жеңілгендіктен Жоғарғы сотқа шағым түсірмекші.

Әңгіме Ақтауда жүзеге асуы тиіс ірі жоба туралы болып отыр. Теңіз жағасындағы қалада мұнай-газ саласына мамандар даярлап, техникалық қызмет көрсететін ірі орталық салынады делінген. Тіпті заманауи жаңа порт бой көтеруі керек еді. Алайда ірі құрылыс жайына қалды. Ал жерді 2 жылдан бері жергілікті билік пен оның заңды қожайыны бөлісе алмай әлек. Шенеуніктер бұл жерді енді тұрғын үйлер салуға жұмсамақ. Бірақ сол телімді алуға 50 миллиард теңге жұмсаған компанияға өтемақы төлемей отыр. Тіпті құрылыс мекемесі жергілікті билікке жерінің жартысын беруге де әзір. Ал қалған аумаққа Энергетикалық хабтың құрылысын жүргізбекші. Бірақ олар тағы да ортақ шешімге келе алмады. Бүгін облыстық сотта кассациялық шағым қаралып, жергілікті биліктің пайдасына шешім шығарылды.  

Әлия Сәпиева, «Каспийский Центр Развития» ЖШС өкілі: 

-Бұл судьяның біліксіздігін көрсетеді немесе мемлекеттік органдар сот органын әдейі жаңылыстырып отыр. Біз өз тарапымыздан қадағалаушы инстанция мен Жоғарғы сотқа шағым түсіреміз

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін