Ақтауда "Каспийдің экономикалық кеңістігінің әлеуеті және оның даму перспективалары" атты II инвестициялық форум өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда "Каспийдің экономикалық кеңістігінің әлеуеті және оның даму перспективалары" атты II инвестициялық  форум өтеді

Ақтауда "Каспийдің экономикалық кеңістігінің әлеуеті және оның даму перспективалары" атты II инвестициялық форум өтеді

Ақтау. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Маңғыстау облысының орталығы - Ақтауда 16 сәуірде "Каспийдің экономикалық кеңістігінің әлеуеті және оның даму перспективалары" атты II инвестициялық форум өтеді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 577
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, шараға Қазақстан , ТМД мен алыс шетелдерден жалпы 200-ден астам делегат, соның ішінде отандық және шетелдік банктердің өкілдері, инвестициялық және өнеркәсіптік компаниялардың, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Форумға қатысушыларға мультимодальдық транспорттық-логистикалық «Жер-Теңіз-Аспан» жобасы, инвестициялық «Ақтау теңіз айлағы» АЭА, қала салу жөніндегі «Ақтау-Сити», туристік » «Кендірлі» демалыс аймағы» жобалары таныстырылады.

Форум бағдарламасында дөңгелек үстел аясында «Каспий өңірінің ғаламдық экономикаға интеграциялану жолдары» шешуші тақырып пен басқа да өзекті мәселелер талқыланады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, форумға ЕурАзЭҚ Іскерлік Кеңесінің төрағасы Олег Сосковец, РФ Сауда-өнеркәсіптік палатасының президенті Евгений Примаков, РФ СберБанкінің президенті әрі төрағасы Герман Греф, РФ өнеркәсіп және энергетика министрі Виктор Христенко, РФ табиғи ресурстар министрі Юрий Трутнев, Еуразиялық даму банкінің басқармалары төрағасы Игорь Финогенов және басқа да адамдар қатысады.

Сондай-ақ, Әзербайжанның экономикалық даму министрі Гейдар Бабаев, Экспортты қолдау және инвестициялар тарту жөніндегі «Azpromo» қорының президенті Эмиль Маджидов, Иорданияның ұлттық саясат кеңесінің бас хатшысы Абдулла Уорекат қатысады деп күтілуде.

II инвестициялық форумға Қазақстан аумағында жұмыс істейтін Ресей Федерациясы, Польша, Жапония, ФРГ, Румыния, ҚХР, Нидерланды Корольдігі, Ұлыбритания, Канада, Иран Ислам Республикасы, Әзербайжан, Иордания, Финляндия, Израиль, АҚШ, Түркия, Италия, Түрікменстан, Біріккен Араб Әмірліктері секілді 20 елдің елшілері қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті