Ақтауда көліктің баллоны жарылып, ішіндегі әйелдің денесі күйіп қалған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда көліктің баллоны жарылып, ішіндегі әйелдің денесі күйіп қалған

Ақтауда көліктің баллоны жарылып, ішіндегі әйелдің денесі күйіп қалған

Ақтауда көліктің газ баллоны жарылып, салдарынан жүргізуші әйелдің денесі күйіп қалған..

  • 3 Маусым 2018
  • 42
Фото - Caravan.kz

Оқиға 1 маусымда, қаладағы 28 және 29 ықшамаудандар арасындағы көшеде орын алған.

Зардап шеккен 40 жастағы әйел Маңғыстаудағы облыстық ауруханаға жеткізілді.

Травматология және ортопедия бөлімінің меңгерушісі Есет Шахатбаевтың сөзінше, зардап шеккен әйелдің жағдайы ауыр. Десе де ол есін біліп жатыр екен.

Жарылыс салдарынан әйелдің қолы, беті, аяғының, ішінің, денесінің алдыңғы жағы күйіп қалған.