Ақтауда көршілердің зәресін қашырған қанды оқиға болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда көршілердің зәресін қашырған қанды оқиға болды

Ақтауда көршілердің зәресін қашырған қанды оқиға болды

Қарашаның 17-нен 18-не қараған түні Ақтаудағы 5-ші ықшамауданындағы № 20 үйде адам өлтіру оқиғасы болды, - деп хабарлайды "Лада".

  • 20 Қараша 2017
  • 150
Фото - Caravan.kz

Үйдің кейбір тұрғындары айқайды естіген. 18 қараша таңғысын полиция үйді қоршауға алды. Оқиға орнында кинологтар мен криминалистер жұмыс істеді. Ер адам бірнеше пышақ жарақатынан көз жұмған. 

Оқиға туралы жедел жәрдем пультіне сағат 07:21-де хабарланған. Келіп жеткен дәрігерлер 25-30 жас аралығындағы ер адамның өлімін тіркеген. 

Көршілердің сөзінше, көз жұмған ер адам отбасын құрмаған. Мұнда бұрыннан бері тұрып келеді екен. Кей мәліметтер бойынша, сотталған. 5-ші ықшамауданның полиция бөлімшесінде оқиғаға қатысты пікір беруден бас тартты. 


Соңғы жаңалықтар