Жарияланды: 40

Ақтауда мұнай компаниясы бастығының орынбасарына балағат сөзі үшін айыппұл салынды

Ақтауда мұнай компаниясы бастығының орынбасарына балағат сөзі үшін айыппұл салынды Сурет - Zakon.kz

Ақтауда мұнай компаниясы бастығының орынбасарына балағат сөзі үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жанжал тудырған басшы енді 12 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Бұл туралы Ақтау қалалық мамандандырылған әкімшілік соттың баспасөз қызметі хабарлап отыр.

"Сот Ч. есімді азаматтың "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ бастығының орынбасары лауазымында бола отырып, жұмысшының құжатына қол қойюдан бас тартқанын анықтады. Оған оның қол қою мерзімі өтіп кетуі себеп болған. Осының негізінде бастық орынбасары жұмысшыны балағаттап, дау-дамай тудырған", - деп хабарлап отыр сот өкілі.

Сот таратқан ақапартқа сәйкес, мұнай компаниясы басшыларының бірі өз әрекетімен қоғамдық орында қоршаған ортаға құрметсіздік танытқан. Ол ҚР ӘҚБк 434-бабы 1-тармағына (Ұсақ бұзақылық) сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот үкімі заңды күшіне әлі енген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін