Ақтауда оқушылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда оқушылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Ақтауда оқушылардың жаппай төбелесі видеоға түсіп қалды

Төбелес кезінде ешкім зардап шекпеген.

  • 13 Қараша 2019
  • 22
Фото - Caravan.kz

Ақтауда кәмелетке толмағандар арасындағы жаппай төбелес видеоға түсіп қалды, — деп хабарлайды Zakon.kz.

Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі осы төбелеске қатысқан жасөспірімдер мен олардың ата-аналарының жеке тұлғалары анықталғанын хабарлады.

 Ешкім зардап шеккен жоқ, аурухана мен емханаға ешкім түспеген. Бәрін тексердік, олардың ешқайсысы полицияда есепке тұрмаған, барлық кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына оң мінездеме берілді. Ақтаудағы ювеналды полиция қызметкерлері жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмысын жүргізді, деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Төбелес фактісі бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 435-бабы бойынша хаттама толтырылды. Материалдар Ақтау қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.


Соңғы жаңалықтар