Ақтауда қиналып өлген итбалыққа ешкім көмектесе алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда қиналып өлген итбалыққа ешкім көмектесе алмады

Ақтауда қиналып өлген итбалыққа ешкім көмектесе алмады

Ақтауда теңіз жағасына қалқып шықан итбалық көпшіліктің көз алдында азаппен өлді. Көрген адамның көңілін босатқан су жануарының бейшара күйіне ешкім де қайран қыла алмады.

  • 11 Қараша 2015
  • 283
Фото - Caravan.kz

Куәгерлер оны Ақтау теңіз портына жақын жерден тауып алыпты. Көздері мөлдіреген жануардың даусы қырылдап, көмек сұрап жатқаны көрініп тұр. Мойын тұсы домбығып ісініп кеткен. Осы күйі теңіз жағасында тәулік бойы жатыпты. Көрген жандар балық шаруашылығы мамандарын шақырғанымен, олар итбалықты іздеп таппағандарын айтып отыр. Жаны азапқа түскен жануар бүгін таңертең өлі күйінде табылды. Айта кетерлігі, денесінен ешқандай жарақат ізі табылмапты. Соған қарағанда, қандай да бір аурудан өлсе керек. Не сырқатқа душар болғанын енді мамандар анықтамақ. 

Әділ Шихметов, Маңғыстау аумақтық орман шаруашылығы инспекциясының бөлім басшысы:

-Ауру екені сыртынан-ақ көрініп тұр. Денесіндегі майы тым аз әрі мойнында үлкен ісігі бар.