Тұғындар қала іші, өнеркәсіптік аймақ, қала іргесі және саяжайлар аумағында шағылған.
Қазір оларға дәрігерлік көмек көрсетілуде. Дәрігерлердің айтуынша, қарақұрттардың белсенділігінің артуы облыста көптен бері байқалмаған. Бұрынғы жылдары аталмыш өрмекші шағып алу салдарынан жаз бойына небәрі 2-3 адам ғана зардап шегетін.
Қалада өрмекшілермен күрес жөніндегі арнаулы қызмет жоқ. Ал қарапайым құрт-құмырсқалармен күрес құралдары өрмекшіге әсер етпейді.
Статистикаға жүгінсек, қарақұрт шағып алған жандардың шамамен 25-30 проценті қайтыс болады екен. Ал қарақұрт уына қарсы қолданатын вакцинаның бір дозасының бағасы 100 долларды құрайды, ол тек Өзбекстанда ғана өндіріледі.