Ақтауда терезеден лақтырылған тақта тұрғындарды шошытты - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда терезеден лақтырылған тақта тұрғындарды шошытты

Ақтауда терезеден лақтырылған тақта тұрғындарды шошытты

Ақтаулықтар да жоғарғы қабаттан тұрмыстық қалдықтарды лақтыруларын қоймады. Бұл жолы көпқабатты үйдің терезесінен құрылыс қалдықтарын тастап жатқан тұрғын ұялы телефонның таспасына түсіп қалған.

  • 8 Қараша 2014
  • 329
Фото - Caravan.kz

Мына кадрлерде әлдекімнің жетінші қабаттан тақталар мен есікті бірінен соң бірін төмен қарай ызғытып жатқаны анық байқалады. Төменде өтіп бара жатқан жүргіншілерге тіпті назар аударар емес. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Ал, осыдан үш ай бұрын дәл осылай жоғарғы қабаттан тасталған теледидар 4 жастағы сәбидің басына түскен болатын. Бірнеше ай ауруханада жатқан бүлдіршін ақыры мүгедек болып қалды. Мұндай қайғылы оқиға енді қайталанбас үшін полиция қызметкерлері шара қолдана бастады. Жоғарғы қабаттан тақта мен есік тастаған тұрғынды тауып, оған 37 мың теңге айыппұл салды.


Әлия Шермағамбетова, Маңғыстау облыстық ІІД өкілі:

-Тұрғындардан сұрайтынымыз, осындай әлеуметтік желілерде бізге көмек ретінде видеоларды шығарып тұрса. Немесе полиция бөлімшесіне алып келсе, біз жұмыс жасар едік.