Ақтауда тұрғындар өртенген үйден 4 бүлдіршінді аман алып шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда тұрғындар өртенген үйден 4 бүлдіршінді аман алып шықты

Ақтауда тұрғындар өртенген үйден 4 бүлдіршінді аман алып шықты

Ақтауда қызыл жалынның ортасында қалған ағайынды төрт бала өлім ауызынан қалды. Ата-анасының қарауынсыз қалған олар үйде өрт шыққан кезде терезеден көмек сұрай айғайлаған. Абырой болғанда, балғындардың жан ұшыра шыққан дауысын кездейсоқ өткіншілердің бірі естіп, дереу келген.

  • 27 Шiлде 2011
  • 441
Фото - Caravan.kz

Ал пәтер түгелімен жанып кетті. Қазір аман қалған балалар дәрігерлердің бақылауында. Барлығын орташа деңгейдегі күйік шалған. Бүлдіршіндердің алды 6 жаста екен. Өртенген пәтердегі балалардың дауысын бірінші болып Леонид Себеряткин естіген. Содан бірден достарын шақырып, ішке кіргенін айтады. Бірақ балалардың барлығы бұл кезде ессіз жатқан көрінеді. Ал көршілер жедел-жәрдем мен өрт сөндірушілерді шықырған. “Алайда құтқарушылар жетеміз дегенше пәтер толық жанып кетіпті”, — дейді куәгерлер. Әзірге өрттің нақты шығу себептері анықталған жоқ. Және балаларын қараусыз қалдырған ата-анаға іздеу салынды.


Балапан Әуезғалиева, Ақтау қаласының тұрғыны:

— Өрт сөндіру қызметін үш мәрте шықырттық. Олар келеміз дегенше бір сағат өтті. Егер балаларға көмек келмей, іште қалып қойғандарында не болар еді?!

Соңғы жаңалықтар