Жарияланды: 80

Ақтауда жаназасына жүздеген адам жиналған марқұмның туыстары үндеу жолдады (ВИДЕО)

Ақтауда жаназасына жүздеген адам жиналған марқұмның туыстары үндеу жолдады (ВИДЕО)

Ақтауда жаназасына жүздеген адам жиналды деген оқиғаға байланысты марқұм Бибіжамал Әбіләзімованың туыстары үндеу жолдады. Онда марқұмды соңғы сапарға шығарып салу рәсіміне ешкімнің арнайы шақырылмағаны айтылған. Әу баста тек жақын туыстары ғана болады деп жоспарланған.

Дегенмен Бибіжамал Әбіләзімованың көзі тірісіне жақсылығын көрген, шарапатын сезінген көптеген адамдар жаназасына өздері келе бастаған. Ел арасында аса сыйлы болған марқұмның ақтық сапарына осылайша халық өздері жиналып қалған. Әйтседе марқұмның туыстары қауіпсіздік шараларын толық сақтап, сақтық амалдарын ойдағыдай жүзеге асырыпты.

Бұл туралы марқұм Бибіжамал Әбіләзімованың әпкесі айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Өмірден қайтқанына ешкімді де шақырған жоқпыз, біз есігімізді кет деп келген адамға жаба алмадық. Бірақ санитарлық барлық жағдайды ескеріп, мына жерге 4-5 адамды қойып, кірген адамдарға арақашықтықты сақтаңыздар деп ескерттік, бәрімізге де денсаулық керек, амандық керек. Айналайын халқым, теріс түсінбеңіздер. Барлықтарыңыздың да аналарыңыз бар ғой. Қандай да бір кеткен қателік болса, кешірім сұраймыз, айыппұл төлеу керек болса бәрін көтереміз, анамыз үшін», деді марқұмның әпкесі.

Ақтық сапарға шығарып салу рәсімінде арнайы антисептиктермен қол шайылып, көңіл айтуға келген адамдардың қауіпсіздігі қамтамассыз етілген. Бұған қоса адамдарға маска таратылған және елдің арақашықтығы толық сақталған. Ал шығарып салу шарасы кезінде көшелер дәрімен зарарсыздандырылған.

Еске салсақ, тамыздың 3-і күні Ақтау қаласында Бибіжамал Әбіләзімова 79 жасында өмірден озды. Марқұм Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің басшысы Мақсұтхан Әбіләзімовтың және кәсіпкер Бахаридин Әбіләзімовтың анасы. Көзі тірісінде Бибіжамал апа жүздеген адамға қайырымдылық көмегін жасаған. Жоқ жітікке қарайласып, жетімдерге қол ұшын созған. Ел ішінде көптеген игі істерімен танылған сыйлы адам болатын.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін