Ақтауда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды

Ақтауда жаңажылдық безендіруге қаржы жұмсалмайды

Ақтауда қалалық шыршаны безендіруге қалалық қазынадан қаржы бөлінбейді.

  • 19 Желтоқсан 2022
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы  Хабар 24 сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жаңажылдық безендіру әшекейлерін қайта қолдану тиімді шешім болмақ. Себебі бұл заттар әлі жарамды. Үнемделген қаражатты әлеуметтік маңызы бар, халыққа аса қажетті, басым бағыттарға жұмсауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ қала әкімдігі кәсіпкерлердің демеушілігі есебінен де қаланы безендіруді көздеп отыр», – деді ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Алпысбай Таубаев.

Қаланы безендіру жұмыстары елімізде Тәуелсіздік күні мерекесінен кейін қолға алынады. Биыл жаңажылдық шыршаны 15 шағынаудандағы амфитеатр алаңына, 4 шағынаудандағы «Астана» алаңына және Өмірзақ ауылына орнатуды жоспарланған. Аталған орындар әзірге нақты белгіленген жоқ.


Деректер бойынша 2019 жылы қаланы безендіру үшін 37 млн теңге бөлінген. Оны мемлекеттік сатып алу конкурсымен «Атамекен» қоғамдық бірлестігі 29 млн теңгеге ұтып алған. Сонымен қатар былтыр 15 млн теңгеге жаңа шырша сатып алынған.

Соңғы жаңалықтар