Ақтауда жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды

Ақтауда жүргізуші жантүршігерлік апаттан аман қалды

Ақтауда көлік жүргізушісі бір ажалдан аман қалды. Жеңіл көлікпен жүйіткіген жігіт алдындағы көліктерді басып озамын деп, жарнама бағанасына оңбай соғылған.

  • 3 Маусым 2014
  • 224
Фото - Caravan.kz


Жүрісі суыт жүргізуші алды-артына қарамастан бірден қарама-қарсы бағытқа  шыққан. Оның бұл әбес әрекеті бейнекамераға түсіп қалыпты. Жылдамдықты жаны сүйетін жігіт алысқа ұзай алмады. Қарсы алдынан шыққан көлікті айнала бергенде, тізгінге ие бола алмай бағанаға барып соғылды. Қақ бөлінген көлік енді жөндеуге де келмейді. Ал жүргізушісі өмір мен өлім арасында жатыр.