Ақтауда жүргізушілер бензин таппай тағы көше кезіп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.19
  • 554.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда жүргізушілер бензин таппай тағы көше кезіп кетті

Ақтауда жүргізушілер бензин таппай тағы көше кезіп кетті

Ал осы тұста өңірлерде жанармай тапшылығы өршіп тұр. Осымен екінші апта газ тапшылығына тап болған ақтаулық жүргізушілер бүгін бензин таппай қалды. Барлық май құю бекеттерінде АИ-92 маркалы бензин жоқ.

  • 28 Тамыз 2014
  • 566
Фото - Caravan.kz

Маңғыстау облысында бүгінге дейін жұртшылық құйып келген бензинді табу қиынға соғып, жүргізушілер қаланы шарлауда. Сұранысқа ие бензин маркасы сатылымға шықпай қалған. Тіпті бекеттердің басым бөлігінде талонмен де жіберілмей жатыр. Жанармайдың қымбатырақ түрлері де барлық жерде сатыла бермейді. Енді жанармай қашан келетіндігін ешкім ашып айта алмай отыр. Жергілікті билік өкілдері де жағдайдың қашан оңалатындығын білмейтіндігін алға тартуда.