Ақтаудағы бір пәтерден танкке қарсы қолданатын мина табылды
Ақтаудағы бір пәтерден танкке қарсы қолданатын Т-62 үлгілі мина табылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен. Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Департаментінің қызметкерлері минаны жою үшін тәркілеп алды. Сол күні "Вторчермет" ЖАҚ-ның аумағынан 152 мм-лік калибрлі оқыту мақсатындағы снаряд табылды. Қару-жарақтарды әскери қызметкерлер ҚР Қорғаныс министрлігінің қоймасына жеткізді. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін