Жарияланды: 470

Ақтаудағы химиялық кешеннің құрамындағы бір зауытта жұмысшы өз-өзін өртеуге әрекет жасады

Ақтаудағы химиялық кешеннің құрамындағы гидрометаллургиялық зауытта бір жұмысшы жалақы мәселесі бойынша кәсіпорын басшылығына наразылық білдіру үшін үсті-басына бес литр жанармай шашып өзін-өзі өртеуге әрекет жасады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Бірақ оттық жұмыс істемуге байланысты өзін-өзі өртеу шарасы жүзеге аспай қалды. Соған қарағанда, жұмысшы бұл әрекетті нақты жүзеге асыруға құлықсыз болған секілді. Шахслан Аунасов бір жылдан бері зауытта дәнекерші болып істейді. Штат кестесі бойынша, жұмысшы 30 мың теңге жалақы алуы тиіс, алайда, кәсіпорында жұмыс істей бастаған алғашқы сәттен бері ол әріптестерімен бірге бір тиын да алмаған. Ш.Аунасовтың айтуынша, оны осындай көзсіз қадамға шарасыздың мәжбүрлеген. Әйелі мен екі баласы отағасының мұндай пиғылынан мүлдем бейхабар көрінеді. Зауыт басшылығы шараға ешқандай жауап берген жоқ. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2003-жылдың қараша айында 10 жылдық үзілістен кейінгі жөндеу жұмыстарының арқасында "Қазфосфат" ЖШС қожалық ететін "Ақтал ЛТД" ЖШС-нің құрамындағы Химиялық гидрометаллургиялық және Азот өндіру зауыттары қайтадан іске қосылған. "Қазфосфат" ЖШС мен "Ақтал ЛТД" ЖШС-нің инвесторлары 2003-жылы зауыттарды реконструкциялау және жөндеу жұмыстарына 12 млн. доллар жұмсады. Бұған дейін пластмасса өндіретін зауытта да жұмысшылар 9 айлық жалақыларын талап етіп ескерту ереуілдерін өткізген. Олардың алдындағы жалақы берешегі 400 млн. теңгені құрайды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін