Жарияланды: 950

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 60 жылдық мерейтойы атап өтілуде

Ақтөбе ферроқорытпа зауытының 60 жылдық мерейтойы атап өтілуде,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Мерейтойға орай зауыт басшылығы "Ферроқорытпа өндірісінің қиындықтары мен болашағы" тақырыбында ғылыми-техникалық конференция өткізді . Оған алыс шетелдер мен ТМД елдерінен металлургтар шақырылды. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, мерейтойға орай зауытта 40-жылдан астам жұмыс істеген 60 адамға ақшалай және құнды сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, зауыттың тағы 5 қызметкері 3-дәрежелі "Еңбек даңқы" медалімен марапатталды. Сондай-ақ, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жанынан құрылған Металлургтер мәдениет үйінің "Даңқ" ұлтаспаптар ансамблі мен "Гүлдер-ай" би ұжымына "Халықтық ұжым" атағы берілді. Мерейтойға орай Металлургтердің мәдениет үйінде Еңбек даңқы мұражайы ашылды. Онда зауыт тарихынан хабар беретін фотоматериалдар мен 16 түрлі мұрағат қойылған. Олардың арасында зауыттың озат қызметкерлері туралы өмірбаяндық очерктер мен алғашқы "Комсомолка " атты балқыту пешінің жабдықтары қойылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін