Ақтөбе кафесінде болған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе кафесінде болған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды

Ақтөбе кафесінде болған жанжалдың соңы кісі өлімімен аяқталды

Ақтөбеде 24 жастағы жігіт жанжалдан қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  Алдын ала мәліметтер бойынша,

  • 2 Ақпан 2017
  • 393
Фото - Caravan.kz

Ақтөбеде 24 жастағы жігіт жанжалдан қаза тапты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, ақтөбелік жігіт үш адаммен ерегесіп қалған. Жанжалдың неден шыққаны тексеріліп жатыр. Жанжал кезінде жергілікті тұрғынға оқ атылған. 

"Кафеде жігіттердің арасында жанжал шыққан. Қолда бар мәліметтер бойынша, жігіттердің бірі өз қарсыласына оқ атқан. Ауруханаға барар жолда жарақат алған адам қайтыс болды. Осы іс бірыңғай реестрге "Адам өлтіру" бабы бойынша тіркелді", — деді Ақтөбе облысының ІІД-нің өкілдері. 

Әлеуметтік желіде қолданушылар осы қылмысқа күдікті үш адамның суретін жариялады. Құқық қорғау органдары осы адамдар туралы қандай да бір мәліметтерді білген адамдарды телефон арқылы хабарлауды сұрайды.  

Полициядағылар осы іске күдікті деп танылған адамдардың шын мәнінде де іздестіріліп жатқанын растап берді. 



Толығырақ:https://kaz.tengrinews.kz/crime/aktobe-kafesnde-bolgan-janjaldyin-sonyi-ks-olmmen-ayaktaldyi-277069/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.

Соңғы жаңалықтар