Ведомствоның мәліметтері бойынша, айыпталушылар 92 сотталушы тұратын ғимаратқа кіретін есікке тосқауыл қойып, олардың таңғы бақылаудан өтуге шығуларына кедергі келтірген.
«Сотталушылар тарапынан белгіленген режімді жеңілдету бойынша түзету мекемесінің аумағынде еркін жүріп-тұру және еңбекке тартпау сынды заңсыз талаптар қойылған», — делінген таратылған хабарламада.
Түсіндіру және ескерту шараларының нәтижесінде түрмедегі жағдай тұрақтанды, жазасын өтеушілер заңсыз әрекеттерін тоқтатты.
Осы режімді қатаң бұзғандар айып оқшаулағышына қамалды.
Облыс прокуратурасы аталған факті бойынша тексеріс жүргізіп жатыр, осы оқиғаға байланысты барлық жағдайлар анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданып, заңсыз акцияға қатысушылардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, деп атап көрсетті прокуратура.