«Ақтөбе» командасының әйгілі футболшысы соққыға жығылып ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ақтөбе» командасының әйгілі футболшысы соққыға жығылып ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді

«Ақтөбе» командасының әйгілі футболшысы соққыға жығылып ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді

«Ақтөбе» футбол клубының белгілі спортшысы соққыға жығылды! Дәлірек айтсақ, Алматыға жолы түскен футболшы Эмель Кенжесариев осыдан 5 күн бұрын жол бойынан ес-түссіз күйінде табылыпты.  Сондықтан «Ақтөбе» командасы мен киевтік «Динамо» клубы арасындағы кездесуге енді тегеурінді қорғаушы қатыспайтын болды. Ал тәртіп сақшылары мұны «қарақшылық шабуыл болуы мүмкін емес» дейді. Өйткені, жәбірленушінің құнды заттары ұрланбаған болып шықты.

  • 15 Тамыз 2013
  • 384
Фото - Caravan.kz

Емел Кенжесариев.1987 жылы 26 наурызда дүниеге келген. Қырғызстан Республикасының тумасы. Қазақстан сапында 2005 жылдан бері. Алғаш рет «Алматы» клубында, 2006-2007 жылдар аралығы «Астана» намысын қорғаған. 2008 жылдан бүгінге дейін «Ақтөбенің» әмбебап ойыншысы болып табылады. 20 нөмірлі.

Қазақстанның үздік футболшыларының қатарына кірген Емел Кенжесариев мына Абылай хан мен Жамбыл көшелерінің қиылысында, ес-түссіз күйінде табылыпты. Жедел жәрдем шақыртқан да осы маңның тұрғындары көрінеді.

Тосыннан белгілі аяқдопшысы төсек тартып қалғаны жаттықтырушылары бар, футболы клубының президенті бар барлығын аяғынан тік тұрғызды. Өйткені, келесі апта команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту үшін киевтік «Динамомен» кездесуі жоспарланған еді. Алайда, енді бұл ойынға кәсіби шебер Емелдің қатысуы екіталай. Себебі, футболшы басынан қатты соққы алып, әлі күнге дейін хал үстінде жатыр. Ауруха дәрігерлері оның басына ота да жасалыпты. 

Сағат Еңсегенұлы, «Ақтөбе» футбол командасының президенті:

— Ол біздің клубымыздағы ең мықты футболист. Біз даже онымен 2-3 жылға договорын ұзартып жұмыс жасамақ болғанбыз. Ол келісімін берген.

Бастапқыда қосалқы, қазір бас құрамда ойын көрсетіп жүрген Емел Кенжесариевтің жағдайынан облыс әкімі де хабардар екен. Енді «Ақтөбе» футбол клубымен бірге оның жағдайын тікелей қарауына алған көрінеді. Десе де, белгілі спортшыға кімнің күш көрсеткенін анықтау әлі біразға созылатын тәрізді. Тәртіп сақшылары футболшы есін жимайынша, бүге-шігесіне дейін анық айта алмаймыз дегенді алға тартуда.


Ермек Болтаев, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

—  Кенжесариев деген мырзаның осындай жағдайға қалай түскені әлі белгісіз. Бірақ, Алмалы ауданының ІІД осыны анықтап жатыр. Біреу ұрып кетті ма, әлде  өзі құлап қалды ма? Жақын арада белгілі болмақ.

Айта кету керек, әмбебап ойыншының жанкүйерлері Кенжесариевтің соққыға жығылуын оның кәсібімен байланыстырып отыр. Яки, бақталастары қасақана жасады деп. Естеріңізде болса, өткен апта ғана «Ақтөбе» командасы соңғы рет сырт алаңда Исландияның «Брейдаблик» командасымен кездескен болатын. Онда да 26 жасар қорғаушы әдемі пасымен көзге түскен-ді.