Ақтөбе мектептерінде смартфонға тыйым салынды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе мектептерінде смартфонға тыйым салынды

Ақтөбе мектептерінде смартфонға тыйым салынды

Ақтөбе мектептерінде смартфонға тыйым салынды, деп жазады 24.kz. Балалардың сабақ үстінде телефон пайдалануы оқушылардың оқу үлгерімі

  • 20 Қаңтар 2017
  • 527
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе мектептерінде смартфонға тыйым салынды, деп жазады 24.kz.

Балалардың сабақ үстінде телефон пайдалануы оқушылардың оқу үлгеріміне кері әсер етеді, — дейді мұғалімдер. Облыстық білім беру басқармасының бастамасын ата-аналар да бір ауыздан қолдаған. Себебі көпфункциялы қымбат смартфонға үңілген оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы төмендеп кеткен. Ал жоғары сынып оқушылары болса, әлеуметтік желілерге тіркеліп, зияны мол сайттардың құрбаны болуы мүмкін. Смартфонға тиым салынбас бұрын, бұл мәселе жан-жақты талқылаудан өтті. Мысалы, медицина мамандары ұялы телефонға үңілген оқушының көру қабілеті нашарлайтынын айтады.

— Осындай жағдайлар болды, балалар сабақтан шығып келе жатқанда, үлкен смартфонмен сөйлесіп келе жатқанда тартып алған жағдайлар болды үлкен балалар. Сындырып алатын кездер болды, енді қымбат нәрсе ғой. Ол енді баланың денсаулығына, психикасына көп әсер етеді, дейді №35 орта мектеп директоры Бақытбек Ержан.


Соңғы жаңалықтар