Владимир Газзаев шәкірттері қанша тырысқанымен атақты «Селтиктың» жолын бөгеген алаң қожайындары бұл жолы да бабында екендігін дәлелдеді. 26-шы минутта Михал Кухарчик «Ақтөбе» қорғаушыларын сан соқтырып кетті. Үзілістен кейін Сидельников қақпасына пенальти белгіленген. Нүктеге жақындаған Ивица Врдоляк қортынды есепті орнатты. Екі ойынның нәтижесі бойынша 3:0 есебімен лайықты жеңіске жеткен «Легия» енді Еуропа Лигасының топитық кезеңінде өнер көрсетеді.
Хаби Алонсо жаңа маусымды мюнхендік «Баварияда» жалғастыратын болды. Мадридтық «Реал» мен германиялық клуб өзара келісімге келді.
32 жастағы жартылай қорғаушы «Корольдік клубқа» 2009-шы жылы «Ливерпульден» келген болатын. Осы уақытқа дейін ол «Реал» сапында 236 матч өткізіп, 6 гол соққан. Сондай-ақ Алонсо Испания чемпионатын және Чемпиондар Лигасын жеңген тәжірибелі футболшы. Өз карьерасында ол испандық «Эйбара», «Реал Сосьедад» сынды клубтарда доп тепкен. Хаби Алонсоның трансфер құны 10 миллион еуроға бағаланыпты.
Көпкүндік супервелодода «Вуэльтаның» алтыншы кезеңінде испаниялық Алехандро Вальверде ерледі. Осы кезеңдегі жеңістен кейін тәжірибелі шабандоз жалпы есепте көш бастады.
Мәреге оның ізін ала жеткен британдық Крис Фрум екінші, ал әйгілі испаниялық Альберто Контадор үшінші орыннан табылды. Алтыншы кезеңде алтыншы нәтиже көрсеткен «Астананың» өкілі Фабио Ару, генеральдық тізімде сегізінші сатыға көтерілді. Астана сапындағы таза қазақтандық шабандоздар әзірге көзге түсе алмай тұр. Алексей Луценко, Андрей Зейц және Даниил Фоминых бүгінгі кезеңде алғашқы жүздіктен сырт қалды. Жалпы есепке келсек, Вальверденің соңын колумбиялық Найро Кинтана мен Альберто Контодор алып келеді.