Ақтөбе облыстық ІІД көзі жойылған лаңкестер тізімін жоққа шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облыстық ІІД көзі жойылған лаңкестер тізімін жоққа шығарды

Ақтөбе облыстық ІІД көзі жойылған лаңкестер тізімін жоққа шығарды

Облыстық ІІД кеше Инстаграм желісінде видеомәлімдеме жасаған Данияр Уәйісов көзі жойылған лаңкестер тізіміне енгізілгенін жоққа шығарды.

  • 13 Маусым 2016
  • 440
Фото - Caravan.kz


Инстаграм әлеуметтік желісінде zello_aktobe тобында ақтөбеліктің видеомәлімдемесі пайда болды. Онда  ол көзі жойылған лаңкестердің тізіміне аты-жөнін нгізгені үшін кешірім сұрауды талап етті.

— Ақтөбелік қолында ұстаған суреттері бар тізімді біз әзірлемегенбіз және оны әлеуметтік желілер бойынша таратпадық. Тізімде zello_aktobe тобының қолтаңбасы бар. Ақтөбеліктердің бірі бұл тізімді өзі жасап, оған Данияр Уәйісовты енгізді деп ойлаймын. Біз мұндай сараптама жасамадық. Кімнің өлгені, кімнің жарақаттанғаны туралы ақпаратты журналистерге таратпадық, — деп мәлімдеді ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин.

 

Соңғы жаңалықтар