Жарияланды: 1300

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында жұқпалы іш ауруы белгісімен барлығы 237 адам, соның ішінде 159 бала тіркелді

Ақтөбе облысы Кеңқияқ ауылында жұқпалы іш ауруы белгісімен 237 адам, соның ішінде 159 бала тіркелді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен 71 бала мен 26 ересек адам стационарға жатқызылды. Тағы да 107 адам, соның ішінде 67 бала амбулаториялық емдеуден өткізілуде. 28-наурызда бұған дейін ауруханаға жатқызылған 33 адам, соның ішінде 21 бала аурудан айығып ауруханадан шықты. Қазір 7 адам Кеңқияқ ауылдық ауруханасында, 36 адам орталық аудандық ауруханада, 15 адам облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 39 адам жұқпалы ауруларға арналған уақытша стационарда жатыр. Агенттіктен хабарлағанындай, науқастарды айқындау мақсатында ауыл-үйлерді аралау жұмысы одан әрі жалғасуда. Ақтөбеден емдеу мекемелеріне дәрі-дәрмек тиеген автокөліктер жіберілді. Сондай-ақ, жедел штаб қантышқақ ауруынан айықтыруға арналған бактериофаг сатып алу жұмысының шешімін тапты. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Кеңқияқ ауылының су құбыры жүйесінде болған апаттан кейін ауыл тұрғындары жұқпалы іш ауруына шалдығып, аудандық ауруханаға түсе бастады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін