Ақтөбе облысында 45 гектар астықты алқап өртеніп кетті
Ақтөбе облысында 45 гектар астықты алқап от құшағына оранды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. |
Облыстың Қарғалы ауданындағы "Ақсу" шаруа қожалығында құрғақ шөпті алаңқайдан басталған өрт астықты алқапқа қарай ойысқан. Өрт сөндіру жұмысына мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметінің 8 қызметкері мен үш техникасы жұмылдырылды. Тілсіз жау бір жарым сағаттан кейін ауыздықталды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін