Ақтөбе облысында бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ақтөбе облысында бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 7 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақтөбе облысында жасанды жеке куәлікті пайдаланып, облыс тұрғынына қарасты бір үйді сатып жіберген бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды агенттік экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне сілтеме жасап.

  • 7 Сәуiр 2008
  • 429
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, Ақтөбе облыстық әділет департаментінің қызметкері, халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы мен орталықтың бұрынғы инспекторлары «алдын-ала ымыраласу арқылы, жасанды жеке куәлікті пайдаланып, облыс тұрғынына қарасты бір үйді 35 мың АҚШ долларына сатып жіберген «.

Қаржы полициясы ҚР Қылмыстық кодексінің 177 -бабының 3-тармағының «а» және «б» тармақшалары (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті