«»Қазгидрометтің» мәліметіне сәйкес, 26 — 27 ақпанда облыста қатты боран соғады деп күтілуде», деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Тамара Гатауллина. Оның айтуынша, «желдің жылдамдығы секундына 17 — 22 метрге, кей жерлерде 28 метрге дейін жетеді».
Осыған байланысты облыс орталығы мен аудан тұрғындарына күн райы бұзылатын күндері елдімекендерден шықпауға және қауіпсіздік шараларын алуға ескерту берілді.
Сондай-ақ, бас маманның айтуынша, бүгінгі жағдаймен боран кездерінде қар құрсауында жиі қалатын Ақтөбе — Орск және Ақтөбе — Хромтау бағытындағы жолдар жабылып, бұл жерлерде «Қазавтодор» кәсіпорнынның ммандары жолдарды қардан тазарту үшін жұмыс істеуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті