Ақтөбе облысында боранда жолда қалғандар жаппай құтқарылып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында боранда жолда қалғандар  жаппай құтқарылып жатыр

Ақтөбе облысында боранда жолда қалғандар жаппай құтқарылып жатыр

Ақтөбе облысында наурыз аяқталуға жақындаса да қыстың беті әлі қайтпай тұр. Тек мереке күндерінің өзінде боранда жолда қалған мың жарым адам құтқарылды. Жолдардың дер кезінде тазаланбауынан 700 машина тұрып қалған.

  • 27 Наурыз 2014
  • 377
Фото - Caravan.kz

Қанша күн бойы бір үзім нанға зар боп қалған жүргізушілерге тәртіп сақшылары жақын маңдағы аудан орталығына баруға тыйым салған. Жол тазартып келе жатқан техникаға «кедергі келтіресіңдер» деген желеу айтыпты. Кейбірі тіпті жаға жыртысуға дейін барған. Ал қалың қардан Ақтөбе мен Хромтау қалаларының арасында жеті жүзге жуық көлік кептеліп тұрды. Арасында бес автобус бар. Жүргізушілер жолды дер кезінде тазартып отырғанда мұндай болмас еді дейді. Әйтсе же жергілікті билік табиғаттың тосын мінезіне біз «қарсы тұра алмаймыз» деп ақталуда.



-Мынау «боран» деп жібермей жатыр. Қай жаққа барамыз? Көмек жоқ. Ештеңе келіп жатқан жоқ.