Ақтөбе облысында газ құю станциясында жарылыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында газ құю станциясында жарылыс болды

Ақтөбе облысында газ құю станциясында жарылыс болды

Ақтөбе облысында газ құю станциясында жарылыс болды.

  • 18 Шiлде 2022
  • 686
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық төтенше жағджайлар департаментінің хабарлауынша өрт 17 шілдеде 18:50-де басталған.

Алға қаласының Абай көшесіндегі "Лимангаз" газ құю станциясында көлемі 46 текше метрлік екі цистерна жарылды.

"Жарылыс орнына 26 өрт сөндіруші мен жеті өрт сөндру көлігі аттанды. Жарылыс пен өрт салдарынан "Тойота Камри", жүк арту көлігі зардап шекті, сонымен қатар алаңы 22 шаршы метр жанар-жағар май станциясының ғимараты қирады. Станцияның үш қызметкері дер кезінде ғимараттан шығып үлгерді", — делінген хабарламада.

Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 54 және 10 текше метр болатын екі цистернанының жарылуының алдын алды.


Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Соңғы жаңалықтар