Жарияланды: 490

Ақтөбе облысында іздеуде жүрген сотталған жігіт алыстағы қойшының қыстағынан табылды

Ақтөбе облысында іздеуде жүрген сотталған жігіт алыстағы қойшының қыстағынан табылды

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері Ақтөбе облысындағы Ақсу атты шопанның қыстағынан іздеуде жүрген сотталған азаматты ұстады.

Бұл туралы Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Адамды ұрып соққаны үшін екі жыл жеті айға бас бостандығынан айырылған 23 жастағы азамат есепте тұрғанына қарамастан, қылмыстық-атқару жүйесінің бақылауынан бой тасалаған. Осыған орай 2014 жылдың тамызынан Мәртөк аудандық соты оған іздеу жариялады. Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қашқынның ізіне түсіп, оны Ақсу атты шопанның қыстағынан ұстады. Бұл жер облыс орталығынан 150 шақырым жерде орналасқан», - деді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бөлім басшысы Сандуғаш Бүркітова.

«Айта кету керек, қазан айында қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері жергілікті учаскелік инспекторлармен және криминалдық полициямен бірлесіп Ақтөбе қаласының орталығында оны қолға түсірді», - деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін