«Даму» КДҚ» АҚ аймақтық филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтің айтуынша, 8 жобаның ішінде төртеуі көлік пен арнайы техниканы сатып алумен байланысты.
Сондай-ақ мемлекеттік бағдарлама бойынша «TOR-M Company» ЖШС жиһаз шығару үшін бағасы 13,2 млн. теңгені құрайтын жабдықтарды сатып алуда, ЖК «Қаракенов А.Б.» «Бизнестің жол картасы» бойынша несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қолдану бойынша бағасы 50,6 млн. теңге тұратын жер учаскесі бар көлік жуу қызметін сатып алуда. Тағы бір жоба Әбілқайыр хан даңғылындағы қонақүй құрылысымен байланысты, сондай-ақ Әйтеке би ауданындағы тау-металлургиялық кешенді салу жобасы субсидияланады. Оның бағасы — 84,4 млн. теңге.