Мекеменің хабарлауынша, желтоқсанның 21 мен 22 жұлдызында өңірде қар жауып, боран соғады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге жетпек.
«Боран туралы ақпаратты біз жергілікті жерлерге жеткіздік, осыған сәйкес тиісті қызметтердің басшылығына қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету тапсырылды», -деп хабарлайды департаменттегілер.
Аталған күндерде Ақтөбе облысының тұрғындарына елдімекендердің аумағынан тысқары шықпауға кеңес берілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті