Ақтөбе облысында шенеуніктер оқушылармен бірге мектепке барып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында шенеуніктер оқушылармен бірге мектепке барып жүр

Ақтөбе облысында шенеуніктер оқушылармен бірге мектепке барып жүр

Ақтөбе облысында шенеуніктер оқушылармен қатарласа мектепке барып жүр. Ғимараты өртеніп кеткен Хромтау аудандық білім бөлімі гимназияның бір жақ бөлігіне жайғасыпты. Алғашқыда бірнеше айға ғана қоныстанған олар енді көшуге асығар емес. Соның кесірінен гимназиядағы оқу бағдарламасы да өзгерітілген.

  • 5 Қыркүйек 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz

Ақтөбе облысы бойынша шағын қалаларды дамыту бағдарламасына енген Хромтаудағы әкімдіктің сиқы мынау. Аудан шенеуніктерінің тең жартысы қазір осында жұмыс істейді. Ғимарат ішін ыстың иісі алып кеткен. Кірген адам шығуға асығады. Ал бір жақ бөлігі бомба түскендей кейіпте.

Хромтау аудандық білім бөлімінің ғимараты осыдан бір жылдай бұрын өртенген еді. Енді қаңырап, қабырғалары ғана қалған бұл жерді сүріп тастауға жергілікті биліктің көзі қимай отыр. Ал оны жөндеп, қайта қалпына келтіру мүмкін емес екен.

Өрттен соң далада қалған аудандық білім бөлімі қаладағы №6 гимназияға уақытша орналасқан еді. Мектепке оқушылармен бірге қатынайтын мемлекеттік қызметкерлердің кесірінен білім ошағы оқу бағдарламасын өзгертуге мәжбүр. Бір ауысымдық негізде тереңдетіп сабақ беретін гимназия енді бастауыш сыныптарын түсте оқытатын болыпты. Басшыларының қашан көшетінін мектеп директоры да білмейді.

Гүлмараш Мұқашова, Хромтау қаласы №6 гимназиясының директоры:

— Бірден оқыс оқиға болғаннан кейін мерзімі бірден айтылмады. Көп болса осы бірінші тоқсанның аяғына дейін отырады. Содан кейін қозғалуы мүмкін. Солай деп ескертті маған оқу жылында.

Шенеуніктер ғимараттың 10 кабинетін алған. Білім бөлімінің басшылары, әдіскерлер және бүкіл аудандағы мектептердің бухгалтерлері де осында жайғасыпты. Жұмыстары қауырт па…тілдесуге құлық танытпады.

Әкімдіктегілер болса, шенеуніктер кемінде бір жыл мектеп қабырғасында жүретіндерін жеткізді. Ал олардың білім ошағында қызмет істеуінен оқушыларға тиер пайдасы зор екен. Себебі бала жастайынан мемлекеттік қызметкер болуға бейімделеді депті аудан басшысының орынбасары. 

Соңғы жаңалықтар