Ақтөбе облысында туляремия деген диагнозбен бір ер адам ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 503.35
  • 590.63
-7 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында туляремия деген диагнозбен бір ер адам ауруханаға түсті

Ақтөбе облысында туляремия деген диагнозбен бір ер адам ауруханаға түсті

Ақтөбе облысының Ойыл ауданы Қайыңды ауылында 2003-жылдың 8-шілдесінде 1974-жылы туған бір жігіт аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіне туляремия деген диагнозбен жатқызылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Шiлде 2003
  • 1118
Фото - Caravan.kz

Агенттік мәліметіне жүгінсек, облыстық санитарлық қызмет аталмыш індеттің таралуына тосқауыл қоюға бағытталған шаралар қолдануда.

Туляремия — аңдар мен адам ағзасына табиғи ошақтан таралатын өте жұқпалы ауру. Ол көбінесе ауру кеміргіштерден жұғады.