Ақтөбе облысында ұл мен келінін бастық қылған Нұрқатова қызметінен босату жайында арыз жазды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбе облысында ұл мен келінін бастық қылған Нұрқатова  қызметінен босату жайында арыз жазды

Ақтөбе облысында ұл мен келінін бастық қылған Нұрқатова қызметінен босату жайында арыз жазды

Бала-келінін бастық қыламын деп басы дауға қалған Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ақыры қызметінен кету жөнінде шешім қабылдады. Сара Нұрқатова жұмыстан кету туралы өзі арыз жазған.

  • 21 Қараша 2015
  • 172
Фото - Caravan.kz

Енді  Сапарбаев 1 ай ішінде нақты шешім қабылдауы тиіс.  Бұл уақытқа дейін Нұрқатова міндетін атқара береді. Жеті жыл бойы 3 әкімге орынбасар болған шенеунік оған дейін өз қарамағындағы мекемелердің жұмысын реттеп қоюы тиіс. Сара Нұрқатоваға билік партиясы жанындағы қоғамдық кеңес мүшелері екі ай бұрын шүйліккенін айта кетейік. Өйткені ол туған ұлы Максим Чаркинді облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары қылып, ал келіні Алуаны жастар саясаты басқармасына жетекшілік етуге жайғастырған. Бірақ әкім орынбасары осы уақытқа дейін бұл әрекеті үшін еш қымсынбады. Тек тексеруден кейін әрекетім заңсыз деп табылса ғана орнымды босатамын деген. Енді қызметінен өз еркімен кеткелі отыр.  

Соңғы жаңалықтар