Оқиға болған күні зауыттағылар резервуарды тазаламақ болған. Электрлі сорғышпен іске кіріскен кезде оның сымынан от шыққан. Газға толып тұрған құты сол бойда жарылып, жалыннан 4 жұмысшы жарақат алды. Айта кетелік, денесінің жартысы күйіп қалған Еркінбек Хайруллин бір апта бұрын ауруханада есін жия алмаған күйі қайтыс болды. Қазір оқиғағы кінәлілерді анықтау мақсатында тергеушілер қосымша сараптама тағайындаған.